Түркістан қаласының тарихы әлі өз құпиясын ашпай келе жатқан күрделі де қиын рухани қазына.Бұл қазынаны ашу – берісі түркі, арысы Евразия тарихының әлі күнге ашылмай келе жатқан құпияларын ашуға мүмкіндік берген болар еді. Алайда, Түркістанның көне тарихы туралы жазба деректердің жоқтығы тарихтың көне қатпарларын ашуға мүмкіндік беремей келеді. Солай бола тұра Түркістан тарихына қатысты деректерді мүлде жоқ деп айтуға келмейді. Олай дейтініміз Әбілқасым Фердоусидің «Шахнаме», түркі халықтарында сақталған «Оғыз-наме» сияқты дастандар мен «Қорқыт Ата», «Түркімен шежірелері» сияқты аңыз-жырлардың сақталуы Түркістанның көне тарихынан хабар беретін дереккөздер бола алатынына шүбәміз жоқ. Оларға қоса орыс казактары арасында сақталған тілдік және этнографиялық деректер де бұларға қосымша мәлімет беруге жарайды. Егерде осы аталған дастандар мен аңыз-әпсаналардағы тарихи деректерді және орыс казактарында сақталғандеректерді дұрыс талдап шыға алсақ, онда Түркістанның құпиясын әлі ашпай келе жатқан қазынасына қол жеткізуге толық мүмкіндігіміз бар.


No responses yet