Жер бетінде жаратылған әр бір халықтың Тәңір-Тағаланың өзі белгілеп берген генетикалық коды, рухани өзегі болады. Егерде кез-келген халық өзіне берілген генетикалық код пен рухани өзектен ажырайтын болса, онда жер бетінен халық ретінде жоғалады. Бұл талқылауға келмейтін аксиома. Біз мыңдаған жылдарға созылған тарихымызда біз мұндай қасіретті де, қиын кезеңдерден сан мәрте өттік. Енді жоғалдық, осымен түркі руханиаты жоғалады деп тұрған кездердің өзінде бізді Тәңір Тағаланың өзі қолдап, қайтадан бас көтертіп, ірі мемлекеттерді дүниеге келтірдік. Тарихымыздағы Оғыз қаған, Алып Ер Тоңға, Мөде қаған, Бумын қаған, Білге қаған, тағы басқа аттары аталмай қалған қаншама ерлердің көзсіз ерлігінің арқасында өткен мыңжылдықтың VIII-Х ғасырларына жетіп едік. VII-ғасырда дүниеге келген ислам діні адамзат қоғамын түбегейлі өзгерістерге ұшыратты.

Categories:

Tags:

No responses yet

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *