Әрине, Қожа Ахмет Йасауи атамызға Рухани әлемге қол жеткізу бір Арыстан Бабтың берген аманантымен шектелмегендігін, пайғамбарлар деңгейіне көтерілу үшін тынбай еңбектенуіне, рухани ілімін жетілдіруіне тура келді. Ол кісі алдынан қаншама кедергілер шыққанына қарамастан, баласының өлтірілгеніне де, өзінің отыз жыл бойына Түркістан көшелерінде таспен атқыланғанына да қарамастан Рухани әлемге қол жеткізуге мүмкіндік беретін ілімді қалыптастырды және жүзеге асырып, Рухани әлем мен адамзат рухы арасындағы байланысты қайта орнатты. Адамзат баласы сол кезеңде төніп келген ақырзаман апатынан құтылып, өмірін ары қарай жалғастыруға мүмкіндік алды. Және бұл Йасауи атамыздың дінді шариғат деңгейінен тариқат көтеруімен тікелей байланысты еді. Міне, осының барлығы Арыстан Бабтың бала Ахметке Жаратушы Құдіреттің аманатын жеткізуінен басталған еді. Біз осы мақала шеңберінде Алланың аманатын бала Ахметке жеткізген тұлғаның анық кім болғандығына халықтың көзін жеткізуді мақсат етіп отырмыз. Себебі, ол кісінің тарихи тұлғасы туралы пайда болған жалған тарих пен аңыз-риуайаттар көп. Мақсат осы мақала шеңберінде ол кісінің анық кім болғандығын анықтап оқырманның назарына ұсыну.

No responses yet